Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Депутаттық фракция жиналысы өтті

мәслихат хатшысы Марат Разбеков, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары қатысты.Депутаттық фракция жиналысының күн тәртібінде 2 мәселе қарастырылды: «Nur Otan» партиясы Сарқан ауданының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған «Жол картасын» талқылау; Сарқан аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракция мүшелерінің жеке жұмыс жоспарларын бекіту.Күн тәртібінде көзделген екінші мәселе Сарқан аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракция мүшелерінің жеке жұмыс жоспарлары бекітілді.Жиынды қорытындылаған аймақ басшысы, аудандық партия филиалының төрағасы Талғат Қайнарбеков өз сөзінде: ««Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асырудағы «Жол картасы» Сарқан өңірінің дамуына үлес қоспақ. Сайлаушыларымызға берген уәделеріміз сапалы, әрі уақытылы іске асуы тиіс. Ол үшін барлығымыз сайлауалды бағдарламаны іске асыру бойынша жол картасында көрсетілген бағыттарды өзгеріссіз және мерзімнен шегермей орындауымыз қажет» деп атап өтті.

0
0
178

Осы тақырып бойынша

Депутаттық фракция жиналысы өтті - Yvision.kz