ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Депутаттық фракция отырысы өтті

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – "Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" атты Теректі ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында жасақталған Жол картасы талқыланды, әрбір бағыт бойынша нысаналы индикаторлармен мерзімдер қойылып, фракция мүшелерінен жауапты орындаушылар белгіленді және филиалдың Саяси Кеңес Бюросына бекіту үшін жолданды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша депутаттық фракцияның 2021 жылға арналған жұмыс жоспары таныстырылып, филиалдың Саяси Кеңес Бюросына келісім алуға ұсынылды.

Елбасы, партия Лидеры Н.Назарбаев: "Nur Otan" партиясының депутаттары әрбір өңірде, қала мен аудандарда барлық сайлауалды міндеттемелердің орындалуына жүйелі бақылауды қамтамасыз етуі тиіс", – деген. Сондықтан да, халықтың сенімінен шығу үшін депутаттарға үлкен жүк артылып отыр.