ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Депутаттық фракция отырысы

"Nur Otan" партиясының Абай аудандық филиалында Абай аудандық мәслихатындағы партияның депутаттық фракциясының отырысы өтті. Фракция жетекшісі Уркимбаев Айдос Тилековичтың төрағалығымен өткен жиналысқа Абай ауданының әкімінің орынбасары Смағұлов Мейржан Серікбосынұлы, аудандық Мәслихаттың хатшысы Лдибаев Ерлан Арнаұлы, аудандык экономика және қаржы бөлімінің басшысының м.а. Бейсенбеков Нұрлан Базарбайұлы мен фракция мүшелері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес, Абай ауданы бойынша "Nur Otan" партиясының 2021-2025 ж.ж. арналған сайлауалды багдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасын талқыланып, партияның аудандық филиалының Саяси кеңес Бюросымен бекіту үшін ұсынылды.