Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Депутаттардың ауылдық округтердегі кездесуі

Депутаттардың ауылдық округтердегі кездесуі

2021 жылдың 16 наурызынд аудандық мәслихат депутаттары, мәслихат хатшысы С.Мулдашев және «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин Талдықұдық, Ақпәтер, Қайыңды, Болашақ ауылдық округтерінде болып, қоғамдық ұйым мүшелері мен жергілікті қоғамдастық өкілдерімен, мекеме басшыларымен кездесті.

Кездесуде аудандық мәслихат пен тұрақты комиссиялардың өткен жылғы атқарған жұмыстары және VII шақырылымдағы аудандық мәслихат депутаттарының жұмыс бағыты туралы мәліметтер беріліп, хабардар етілді.

Ауыл тұрғындарының көкейде жүрген сұрақтарын қойын, тиісті жауап алды.

Ауылдық округтегі кездесу барысында санитарлық талаптар сақталды.

0
0
151

Осы тақырып бойынша

Депутаттардың ауылдық округтердегі кездесуі - Yvision.kz