Депутат қаржылай қолдау көрсетті
«Nur Otan» партиясының облыстық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Мақашов Бақдәулет Еркінбекұлы облыстық партия филиалы ғимаратының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады.
Қоғамдық қабылдауға түскен өтініштер әлеуметтік жағдайлар төңірегінде болды.
Махамбет ауылының тұрғыны Тамабаева Самал 2020 жылы тұрғын үйі газ балоннан жарылып кеткенін айтып, қазіргі таңда баспанасының жарамсыз жағдайда екенін алға тартып, мүмкіндігінше қалпына келтіруге материалдық көмек сұрады. Аталған өтініш негізінде депутат тұрғынға қаржылай көмек көрсетті. Сондай-ақ тұрғын үйінің жөндеу жұмыстарына көмек сұраған қала тұрғыны Настас Евгенияға да қаржылай демеушілік жасады.
Фракция мүшесінің қабылдауында болған Өркендеу саяжайының тұрғыны Ахатова Гүлнар есімді азаматша қысқа арналған қатты отын алуға көмек сұрады. Тұрғынның жағдайын ескерген депутат қаты отын алу үшін қаржылай қолдау көрсетті.
Қоғамдық қабылдау барысында Бақдәулет Еркінбекұлы атаанасынан ерте айырылып, інісімен пәтер жалдап тұратын қала тұрғыны Қайратқызы Балданаға да қаржылай көмек жасады.
Депутаттың қабылдауында болған қала тұрғыны Жолдасбекова Мөлдір қызына мүгедектік тағайындауына көмек сұрады. Аталған мәселе бойынша депутат тұрғынның өтінішін тиісті орынға жолданатынын түсіндіріп, оңтайлы шешімін табуға жұмыс жасайтынын жеткізді.
