Департаменттің қызметкерлері Республикалық конференцияға қатысты
2018 жылы желтоқсанда Департамент басшысының орынбасары А.Қ. Душанова және №5 МӘС бөлімінің басшысы Ж.Т. Юсупова Астана қаласында «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесін жаңғырту және мүгедектігі бар адамдарды оңалту» атты республикалық конференцияға қатысты.
Конференция жұмысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыпова «2019-2023 жылдары мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық Жоспар аясында МӘС қызметінің даму перспективалары» атты баяндамамен сөз сөйледі.
Қатысушылар тізімінде РФ Еңбек министрлігінің және Әзірбайжан Республикасының өкілдері, халықаралық өкілдік және Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары болды. Талқылаудың негізгі тақырыбы әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау жүйесін одан әрі цифрландыру, мемлекеттік қызметтерді жоспарланған проактивті көрсету болып табылады: мүгедектікті белгілеу, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі және әлеуметтік қорғау шараларында қажеттілікті анықтау.
