Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Қазақстан Республикасы

Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің кеңейтілген алқа отырысына қатысты

2019 жылы 15 ақпанда «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-нің әдеп жөніндегі уәкілі кеңейтілген алқа отырысы аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті ұйымдастырған, «Мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігін арттырудағы әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлі» атты тақырыптағы семинар кеңесте «Мемлекеттік орган ішіндегі өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру» атты баяндамамен сөз сөйледі. Кеңесте Қостанай облысының мемлекеттік органдарының әдеп жөніндегі уәкілдері қатысты оларға жүктелген міндеттер аясында әдеп жөніндегі уәкілдер жұмысының ең тиімді әдістері талқыланды, жиналғандар пікір алмасты, жұмыста жаңа тәсілдерді талқылады, сондай-ақ тиімді ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін әлеуметтік желілерді пайдалану.

2018 жылға әдеп жөніндегі уәкіл келесі жұмыстарды жүргізді:

Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі, сондай-ақ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі туралы ақпарат ресми сайтта және байланыс ақпараты мен жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесін көрсете отырып департаменттің ақпараттық стендтерінде орналастырылды; Әдеп жөніндегі уәкілдің байланыс ақпаратымен, сондай-ақ азаматтарды қабылдау кестесімен баннер және визиткалар жасалды. Әдеп нормаларын бұзуының алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін арттыру мақсатында департаменттің қызметкерлерінің қатысуымен семинарлар, дәрістер түрінде 12 түсіндіру іс-шараларын, сондай-ақ Мендіқара, Әулиекөл аудандары мен Арқалық қ. халықтары үшін 8 көшпелі семинар жүргізді; Департаменттің веб-сайтында әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы, сондай-ақ ВКонтакте, фэйсбук, ювижн ресми сайттарында 21 мақала жарияланды; Тұрақты негізде тәртіптік практиканы зерделеу арқылы құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларға талдау жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік органның қызметкерлеріне шағымдарды анықтау мақсатында Департаментке келіп түскен азаматтардың шағымдары зерделенеді. Сонымен қатар 2018 жылға Департаменттің қызметкерлеріне шағымдар келіп түскен жоқ; ҚР мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша 39 мемлекеттік қызметшілерге және 51 жеке тұлғаларға жеке консультативтік көмек көрсетілді барлығы 90 адам қабылданды. Әдеп жөніндегі уәкіл «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық және Арқалық қалалық филиалында, Қостанай қ. «Қостанай онкологиялық диспансері» МКҚК-да және Арқалық қ. Арқалық қалалық аурухана базасында, сондай-ақ Мендіқара мен Әулиекөл аудандарында 10 азаматтарды көшпелі қабылдау өткізді; Ұжымдағы моральдық-психологиялық климаттың жағдайына мониторинг жүргізу және қызметтік этика нормаларын сақтау мақсатында департаменттің 43 қызметкерлеріне 2 жасырын сауалнама жүргізілді, яғни 100%-ды құрады. Жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша қорытынды жасауға болады, департаменттің қызметкерлері ұжымда қалыптасқан моральдық-психологиялық ахуалға қанағаттандырылды. Тиісті талдау департамент басшысының атына дайындалды. Талдау нәтижелері департамент қызметкерлерімен өткен кеңесте қаралды; Сонымен қатар, сауалнама қорытындысы бойынша мемлекеттік органның оң имиджін қалыптастыруға және ұжымда жағымды климатты қалыптастыруға елеулі үлес қосқан департамент қызметкері анықталды кейіннен осы қызметкер департамент басшысының Алғыс хатымен марапатталды; Департаменттің мемлекеттік қызметшілері арасында оқу үшін ұсынылатын әдебиеттер тізімі қалыптастырылды және таратылды, осылайша мемлекеттік қызметшілердің өздігінен білім алуын дәріптеуде. Әлеуметтік медиадағы мемлекеттік қызметшілердің аккаунттарына тұрақты түрде (парақшаларда департаменттің 2 қызметкерлерінің жарияланымдары анықталды, олармен әңгімелесу жүргізілді, әлеуметтік желілерде суреттер өшірілді), сонымен қатар Департамент қызметкерлерінің телефон әдебін сақтауы бойынша мониторинг жүргізіледі; Алдын алу және тәрбиелік-алдын алу жұмыстарын жүргізу мақсатында тоқсанда 1 рет Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық сервисінен соттылықтың, әкімшілік айыппұлдардың және басқа да құқық бұзушылықтардың бар-жоғы туралы мәліметтер алынады. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған қызметкерлермен алдағы уақытта тәртіп бұзушылыққа жол бермеу туралы профилактикалық әңгімелесу жүргізіледі; 2018 жылға автокөлік құралдарын басқаратын департаменттің қызметкерлерінің сақтандыру және автокөлік құралдарының техникалық байқаудан өткендiгi туралы құжаттары тексерілді; 2018 жылы Департаменттің барлық қызметкерлеріне ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы әзірлеген қалта кітапшалары (pocket book) тапсырылды; Департаменттің барлық қызметкерлері сыйлықтарды тапсыру бойынша жаднамамен танысты. Өткізілетін құқықтық білім беру мектебінде Департамент қызметкерлерінің сыйлықты алған не байқаған кездегі іс-әрекет алгоритмі зерделенді. 2018 жылға Департаменттің қызметкерлері қызметтік міндеттерді атқару кезінде алынған сыйлықтарды арнайы мемлекеттік қорға екі рет тапсырды (бұл ретте біреуі қызметкердің қарауынсыз кабинетте қалдырылған); Департамент қызметкерлерінің Әдеп кодексін сақтауды бақылау шеңберінде мен әдеп жөніндегі уәкіл ретінде «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызмет көрсету кезінде медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының отырыстарына қатысамын; Тұрақты негізде қызмет алушылармен кездесулер жүргізіледі. Кездесу барысында мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет туралы, мемлекеттік қызметтер туралы заңнаманың нормалары және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі түсіндіріледі. Департамент қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша анонимді сауалнама жүргізіледі. Жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша барлық қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануы туралы қорытынды жасауға болады. Сауалнама жүргізу және ауызша әңгімелесу барысында МӘС бөлімдерінің қызметкерлері тарапынан ақша қаражатын бопсалау және әдепсіз қарым-қатынас фактілері анықталған жоқ, қызметті алушылармен сауалнамада көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту жөніндегі ұсынымдар департамент басшысына жіберіледі және оларды жою үшін келесі шаралар қабылдана отырып, кеңесте қаралады; 2018 жылы Департамент қызметкерлері үшін ұжымды біріктіру және жағымды эмоционалдық фон қалыптастыру мақсатында «Кәсіби жану синдромының алдын алу, немесе толық өмір сүру және жұмыста жанып кетпеу», «Ортақ іс», «Өз эмоционалдық жағдайын басқару» атты тақырыптарға 3 тренинг жүргізілді. Тренингтерді әр түрлі әдіс-тәсілдер мен әдістерді тиімді қолдана отырып, тәжірибелі психологтар өткізді. Практикалық сабақтар және тренингтер күйіп кетуге қарсы іс-қимыл ресурстарын зерделеу, рухани игілік және психологиялық жайлылықты, ұжымды біріктіру және тиімді командалық өзара іс-қимылды қалыптастыру мақсатында өткізілген; Департаменттің ұжымында моральдық-психологиялық климатты және корпоративтік рухты нығайту үшін қызметкерлердің балаларының қатысуымен спорттық іс-шаралар өткізіледі, бұл департамент ішінде достық атмосфераны құруға оң әсер етеді, қызметкерлерді ортақ мақсаттарға жету үшін біріктіреді, олардың жұмысқа қабілеттілігін оңтайландырады.

0
0
541

Осы тақырып бойынша