Департаментте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жүзеге асырудың өзекті мәселелері...
Департаментте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жүзеге асырудың өзекті мәселелері талқыланды
2020 жылы 3 ақпанда әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Р. Айтуарова "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының өкілдерімен кездесу ұйымдастырды, Департамент қызметкерлерінің алдында сарапшы Г. К. Байжұманова сақтандырылған тұлғалар үшін МӘМС жүйесі қандай мүмкіндіктер ашатынын, кімдер тегін медициналық көмекке құқығы бар екендігін, ТМККК-ға не кіретінін және жарналарды аударатындардың қызмет пакеттері немен ерекшеленетінін айтып өтті.
Пациенттің қандай тегін қызметтерге құқығы бар екенін қалай білуге болады?
МӘМС және ТМККК пакеттері шеңберінде тегін медициналық қызметтер бойынша барлық қажетті ақпаратты білуге болады:
· өзінің жалпы тәжірибедегі емдеуші дәрігерінен;
· Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайтынан;
· 1406 байланыс орталығынан;
· халықпен жұмыс жөніндегі ӘМСҚ департаментіне тел: 8-714-2-902-333.
----------------------------------------------------------------
3 февраля 2020 года уполномоченный по этике Айтуарова А.Р. организовала встречу с представителями филиала по Костанайской области НАО «Фонд социального медицинского страхования», перед сотрудниками департамента выступила эксперт Байжуманова Г.К., рассказав о том, какие возможности открывает система ОСМС для застрахованных лиц, кто будет иметь право на бесплатную медпомощь, что будет входить в ГОБМП и чем будут отличаться пакеты услуг тех, за кого отчисляют взносы.
Как узнать, на какие бесплатные услуги пациент имеет право?
Всю необходимую информацию по бесплатным медицинским услугам в рамках пакетов ОСМС и ГОБМП можно будет узнать:
· у своего лечащего врача общей практики;
· на сайте Фонда социального медицинского страхования;
· в контакт-центре 1406;
· в департамент ФСМС по работе с населением тел: 8-714-2-902-333.
