Департаментпен Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді
Ағымдағы жылдың 30 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің іс-шаралар жоспарына сәйкес Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы онлайн режимінде өткізілді.
Отырыста Панфилов, Райымбек аудандары және Талдықорған қаласының мемлекеттік органдарындағы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторингтің нәтижелері қаралды.
Сондай-ақ, Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының Алматы облысы бойынша филиалының Халықты ақпараттандыру және шағымдарды қарастыру бөлім меңгерушісінің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тақырыбында баяндамасы тыңдалды.
Жиналыс барысында Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелерімен қойған сұрақтарға толық жауаптар мен түсініктемелер берілді. Іс-шараға қатысушылар кеңес барысында көтерілген мәселелерді шешу бойынша бірлескен шаралар өткізу туралы келісті.
