Департамент қызметкерлері қан тапсырды

А.ж. 14 маусымы Дүниежүзілік донор күніне орай Облыстық қан орталығында қан донорларына өмір құтқаруда жасаған еңбектері үшін ризашылықты білдіру және де жастардың донорлық қозғалыста қатысуына ат салысу мақсатында Департаментпен өз қалауымен қан тапсыру бойынша мейірімділік науқаны өткізілді.
Департамент қызметкерлері науқанда белсенді ат салысып, іс-шара аяқталысымен эстафета Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіндегі әріптестерге тапсырылды.
