Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Департамент қызметінің негізгі бағыттарының бірі – ақпараттық-түсіндірмелі жұмыс

А.ж. 10 мамыр күні  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша Департаменті қызметкері СҚО бойынша Экология департаментінің  қызметшілеріне семинар өткізді.

Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы И.Е. Баженова қатысушыларды мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына енгізілген өзгерістермен таныстырды. Ерекше назар, әкімшілік мемлекеттік қызметке орналасу тәртібіне, оның ішінде  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына аударылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік органның ішіндегі ауысушылығы, мемлекеттік қызметшілер қызметінінің тиімділігін бағалау, «Е-Қызмет» ықпалдастырылған ақпаратты жүйесінде жұмыс істеу туралы сұрақтар қарастырылды.

Семинар барысында қатысушылардың барлық қызықтырған сұрақтарына қанағаттанарлық жауап қайтарылды.

 
0
0
290

Осы тақырып бойынша

Департамент қызметінің негізгі бағыттарының бірі – ақпараттық-түсіндірмелі жұмыс - Yvision.kz