Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Департамент директоры тікелей эфирде

2017 жылдың 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Департаментінің директоры С.Мүксімов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде БҚО бойынша Департаменті басшысының орынбасары А.Жұбанышпен «Қазақстан-Орал» телеарнасының «Ел алдында» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты.

Бағдарлама барысында С.Мүксімов «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бес институционалды реформасын жүзеге асыру шеңберінде, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған заңдардың маңыздылығына тоқталды.

Ол сыбайлас жемқорлық мониторингі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеорін анықтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен стандарттар секілді сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мен ескерту мақсатында жаңа механизмдер тәжірибеге енгізілгендігін айтты.

Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметшілердің моральды-этикалық принциптеріне, соның ішінде Әдеп кодексінің сақталуына үлкен көңіл бөлу керектігін айтып өтті.

Өз кезегінде А.Жұбаныш мемлекеттен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша облыста атқарылып жатырған жұмыстар жөнінде сөз етті. «2017 жылдың 8 айында Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдары  2 571 578 мемлекеттік қызмет көрсеткен, оның ішінде қағаз жүзінде - 592126 болса, мемлекеттік корпорация арқылы – 887929, ал электронды форматта 1091523 қызмет көрсетілді. Жыл басынан бері Департаментпен 34 тексеру шараларын жүргізіліп, нәтижесінде 1971 бұзушылықтар анықталды. 12 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды» - деп өз сөзін нақтылады басшының орынбасары.

Содан, С.Мүксімов сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын, құқықбұзушылыққа жол берген жағдайда жазалау шаралары туралы толық түсіндірді.

Департамент директоры Агенттікпен қазіргі таңда жүргізіліп жатырған жұмыстар алдағы уақытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтып қана қоймай, жемқорлық көріністерінің алдын-алуға жаңа импульс беретіндігін айтты.

 
0
0
300

Осы тақырып бойынша

Департамент директоры тікелей эфирде - Yvision.kz