Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Департамент басшысы жұмыс сапарымен Тасқала ауданында болды

2020 жылдың 20 тамыз күні Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары М.Н.Манкеев, Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Р.С.Ақмырзаев жұмыс сапарымен Тасқала ауданына барды.

Жұмыс сапары барысында аудан әкімдігінде ашылған «Ашық әкімдік» форматындағы қызмет көрсету орталығының жұмысы таныстырылды.

Ашық әкімдіктің негізгі мақсаты – өңір тұрғындарына қолайлы жағдайларды қалыптастыру және әкімшілік кедергілерді мейлінше азайту болып табылады.

Р.С.Ақмырзаев өз кезегінде: ««Ашық әкімдік» жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі тарапынан қолдау тапты. Сондықтанда, аталған жобаны облыстың барлық аудандарда ашу маңызды» - деп атап өтті.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

1
0
210

Осы тақырып бойынша

Департамент басшысы жұмыс сапарымен Тасқала ауданында болды - Yvision.kz