Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Департамент басшысы "онлайн" кеңес өткізді

2020 жылғы 12 наурызда департамент басшысы Қарабалық ауданына сапар барысында "Nur Otan" партиясының Қарабалық аудандық филиалы базасында азаматтардың жеке қабылдауын өткізді. Тоғұзақ ауылының тұрғыны жеке қабылдауға жазылды, бірақ ауа райының қолайсыздығына және жұмыс орнынан кете алмауына байланысты Қарабалық ауылына келе алмады, осыған қарамастан департамент басшысы М.Т. Мұратбеков азаматша С.Б. Кажаевамен WhatsApp бейнеқоңырау функциясының көмегімен хабарласты.

Халықтың мемлекеттік органдар басшыларымен қарым-қатынасының ыңғайлы және практикалық түрі "online" режимінде азаматтарды қабылдау болып табылады. Жаңа формат, ең алдымен, уақыт пен материалдық құралдарды үнемдеу тұрғысынан ыңғайлы және тиімді, өйткені азаматтарға тұрғылықты жерінен шықпай-ақ өз шағымдарын кез келген деңгейдегі мемлекеттік органдардың басшыларына жазуға мүмкіндік береді. Сондықтан бүгінгі күні адамдар осы форматта қарым-қатынас жасауға барынша ынталы келіседі. Департамент болашақта да осы тәжірибені жалғастырады.

Көру үшін сілтеме бойынша өту:

https://www.facebook.com/100028041192538/videos/508283020116400/

---------------------------------------------------------

12 марта 2020 года руководитель департамента в ходе визита в Карабалыкский район провел личный прием граждан на базе Карабалыкского районного филиала "Партии "Nur Otan". На личный прием записалась жительница села Тогузак, но в связи с неблагоприятными погодными условиями и не возможностью покинуть рабочее место, не смогла приехать в с.Карабалык, не смотря на это руководитель департамента Муратбеков М.Т. связался с гражданкой Кажаевой С.Б. при помощи функции видеозвонок WhatsApp.

Удобной и практичной формой общения населения с руководителями госорганов становится прием граждан в режиме «online». Новый формат удобен и выгоден, прежде всего, с точки зрения экономии времени и материальных средств, поскольку дает возможность гражданам, не покидая места жительства, изложить свои жалобы руководителям госорганов любого уровня. Поэтому сегодня люди все более охотно соглашаются на общение именно в таком формате. Департамент и в будущем продолжит данную практику.

Для просмотра перейти по ссылке:

https://www.facebook.com/100028041192538/videos/508283020116400/

0
0
187

Осы тақырып бойынша