Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Департамент басшысы Мемлекет басшысы жариялаған Жастар жылы аясында Қостанай жоғары медициналық

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауында 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды. 2019 жылдың 25 сәуірінде Департамент басшысы М.Т. Мұратбеков және әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Р. Айтуарова Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенттерімен кездесті. Кездесу мақсаты - мемлекеттік қызметке қызығушылықты арттыру, жастардың азаматтық позициясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру. Кездесу барысында студенттерге Департамент қызметінің негізгі бағыттары, оның ішінде мүгедектігі бар тұлғаларды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік қызметке кіру тәртібі, мемлекеттік органдардан жастар, сондай-ақ оқу практикасынан өту мүмкіндігі, әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі, Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары баяндалды. Кездесу барысында туындаған студенттердің барлық сұрақтарына толық жауап берді.

0
0
281

Осы тақырып бойынша

Департамент басшысы Мемлекет басшысы жариялаған Жастар жылы аясында Қостанай жоғары медициналық - Yvision.kz