Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Департамент басшысы М.Т. Мұратбеков Қоғамдық келісім кеңесінің отырысында сөз сөйледі

Департамент басшысы М.Т. Мұратбеков Қоғамдық келісім кеңесінің отырысында сөз сөйледі 2019 жылы 28 ақпанда сағат 11:00-де Қостанай облысы әкімдігінің "Қоғамдық келісім" КММ-де Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру" атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын орындау бойынша Жол картасын іске асыру барысы туралы» күн тәртібімен Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті. Кеңесте «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-нің басшысы М.Т. Мұратбеков «Аймақтағы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған "кедергісіз орта" құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы" баяндамамен сөз сөйледі.

Бүгінде мемлекет пен қоғам алдында мүгедектігі бар қазақстандықтар үшін тең мүмкіндіктер жасауға, әлеуметтік және экономикалық құқықтарды қамтамасыз ету, қорғау және дамыту кепілдіктеріне, олардың елдің қоғамдық өміріне кірігуіне бағытталған міндеттер тұр. Егер бұрын мемлекет алдында тек мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы сұрақ тұрса, 2015 жылы 20 ақпанда Мемлекет басшысы "Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қоюмен мүгедектердің құқықтарын сақтаудың отандық практикасының халықаралық практикасына ауысуы басталды. Осы мақсатта Қазақстанда мүгедектігі бар азаматтар үшін арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге, оларды әлеуметтік қамтамасыз етуге және оңалтуды қоса алғанда, қолдауға бағытталған бірқатар маңызды заңдар қабылданды. Мүгедектігі бар адамдар үшін "кедергісіз орта" құру мәселесі бірнеше бағытты қамтиды, оның ішінде бұл білім беру қызметтеріне қол жеткізу, еңбекке қол жеткізу, спортпен, мәдениетпен айналысуға қол жеткізу және т.б. Сонымен қатар, осы барлық бағыттарда негізгі факторлардың бірі осы салалардың инфрақұрылымына қол жеткізу болып табылады. "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы Заңының 25-бабына сәйкес мемлекет меншік нысанына қарамастан барлық заңды тұлғаларды, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды әлеуметтік, көлік инфрақұрылымы объектілеріне, тұрғын үйлерге және мүгедектігі бар адамдар үшін ортақ пайдалану орындарына қол жеткізуді міндеттейді. 2018 жылғы 5 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті, "Нұр Отан" партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаев өзінің "Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы: табыс пен өмір сүру сапасының артуы" атты Жолдауында мүгедектігі бар азаматтар үшін "кедергісіз орта" құруға ерекше назар аударуға шақырды. Мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында Үкімет бұрын Қазақстан Республикасы мүгедектерінің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған ұлттық іс-шаралар жоспарын бекітті.

0
0
338

Осы тақырып бойынша

Департамент басшысы М.Т. Мұратбеков Қоғамдық келісім кеңесінің отырысында сөз сөйледі - Yvision.kz