Департамент басшысы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты
2019 жылы 19 сәуірде сағат 16.00-де бейнеконференцбайланыс режимінде «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-нің басшысы М.Т. Мұратбеков Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Г.Н. Әбдіқалықованың басшылығымен мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты.
Үйлестіру кеңесінің күн тәртібі:
«Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру және Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды әзірлеу қорытындылары туралы».
