Департамент басшысы кезекті интернет-конференциясын өткізді
2017 жылдың 29 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Әлмұханұлы Исақов кезекті интернет-конференциясын өткізді. Бүгінгі интернет-конференцияның тақырыбы: «Мемлекеттен көрсетілетін қызметтердің сапасы».
Интернет-конференция «Facebook» әлеуметтік желісіндегі Департаменттің «Anticorruption ZKO» парақшасының алаңында өткізілді.
Күні бойы әлеуметтік желі қолданушылардан түрлі сұрақтар түсті. Оларды мемлекеттен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау бойынша Департаментпен атқарылып жатырған жұмыстар, облыстағы мемлекеттен көрсетілетін қызметтер және мемлекеттен көрсетілетін қызметтердің тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік мәселелері толғандырды.
