Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Департамент басшысы Елбасы жариялаған жастар жылы аясында «Челябі мемлекеттік

Департамент басшысы Елбасы жариялаған жастар жылы аясында «Челябі мемлекеттік университеті» жоғары кәсіптік білім беру федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесінің Қостанай филиалының студенттерімен кездесті ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Жолдауында 2019 жыл жастар жылы деп жарияланды. 2019 жылы 22 ақпанда «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ мен «Челябі мемлекеттік университеті» жоғары кәсіптік білім беру федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесінің Қостанай филиалының арасында жасалған ынтымақтастық және серіктестік қарым-қатынастар туралы меморандум аясында департамент басшысы М.Т. Мұратбеков, персоналды басқару жөніндегі бас маман - Ә.М. Қарымсақова, әдеп жөніндегі уәкіл - Ә.Р. Айтуарова ЧелМУ-нің студенттерімен кездесті.

Кездесу мақсаты - мемлекеттік қызметке қызығушылықты арттыру, жастардың азаматтық позициясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру. Кездесу барысында студенттерге Департамент қызметінің негізгі бағыттары, оның ішінде мүгедектігі бар тұлғаларды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік қызметке кіру тәртібі, мемлекеттік органдардан жастар, сондай-ақ оқу практикасынан өту мүмкіндігі, әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі, Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары баяндалды.

Кездесу барысында туындаған студенттердің барлық сұрақтарына толық жауап берді.

0
0
287

Осы тақырып бойынша

Департамент басшысы Елбасы жариялаған жастар жылы аясында «Челябі мемлекеттік - Yvision.kz