Департамент басшылығы жұмыс сапарымен Бәйтерек ауданының Рубежин ауылында болды
2019 жылдың 22 тамыз күні Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.Самет және арнайы мониторингтік тобының мүшелері жұмыс сапарымен Бәйтерек ауданының Рубежин ауылында болды.
Жұмыс сапары барысында Рубежин ауылдық округі әкімі аппараты және ауылдық дәрігерлік амбулаториясының жұмыс барысымен танысты.
Мониторинг барысында ауылдық әкімдікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарларының орындалмауы, аталған бағыттағы арнайы номенклатуралардың жоқтығы (есеп, флаерлар, плакаттар және постерлер), мүмкіндігі шектеулі адамдарды қамтамасыз ету ережелерін сақтамау және т.б. кемшіліктер анықталды.
Тиісті ұсыныстар берілді.
