Әдеп жөніндегі уәкілімен бірлескен кездесу
2019 жылдың 25 қараша күні Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жанындағы «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшелері және облыстық Әдеп жөніндегі уәкілі облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұжымымен кездесу өткізді.
Шараға Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.Хайруллин қатысып, бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.
Сонымен қатар, шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алу мәселелері, сонымен қатар «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және Арнайы мониторингтік тобы жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірді.
