Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызмет алушылармен кездесуі

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызмет алушылармен кездесуі 2019 жылы 19 ақпанда «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-нің әдеп жөніндегі уәкілі Әлия Рафаэльқызы Айтуарова Қостанай қ. «Қостанай облыстық онкологиялық диспансері» МКҚК базасында азаматтарды көшпелі қабылдау өткізді.

Мақсаты - мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзуының алдын алу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беру.

Азаматтарды қабылдау барысында, Ә.Р. Айтуарова Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде көрсетілген, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының жалпы стандарттары туралы айтып берді.

Сонымен қатар, әдеп жөніндегі уәкіл қатысушыларды әдеп жөніндегі уәкілдің енгізілген институтының мақсаттары мен құзыреті туралы хабардар етті. Ә.Р. Айтуарова барлық қатысушыларды мемлекет мүдделері мен азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге шақырды.

№1 МӘС бөлімінің қызметкерлері тарапынан дөрекі қарым-қатынас және ақша қаражатын бопсалау фактілері қызмет алушылармен әңгімелесу барысында анықталған жоқ. Барлық қызмет алушыларға кездесу барысында туындаған мәселелер бойынша жеке кеңес берілді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағымдану құқықтары түсіндірілді. Кездесу соңында қызмет алушылар медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері мамандарының қызмет сапасына және кәсібилігіне қанағаттанушылығын білдірді.

Әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Р. Айтуарова осыған ұқсас кездесуді 2018 жылы қараша айында өткізді, онда қызмет алушылар онкодиспансердің тіркеу бөлімінде амбулаторлық карталарды беруді ұйымдастыруға қатысты наразылық білдірді, науқастарға амбулаторлық картаны алу үшін жалпы кезекте тұруға тура келді. Департамент басшылығы осы ескертулерді ескерді, бүгінгі күні онкодиспансердің тіркеу бөлімінде медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінде куәландырудан өтуге бағытталған азаматтарға қызмет көрсету үшін жеке маман бөлді. Департамент өз іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін мүлтіксіз сақтайды, оның 2-бөлімінің 12-тармағы: «мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұрауларына толық сүйене отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдауы».

0
0
342

Осы тақырып бойынша

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызмет алушылармен кездесуі - Yvision.kz