Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызмет алушылармен кездесуі

2019 жылы 5 ақпанда «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-нің әдеп жөніндегі уәкілі Әлия Рафаэльқызы Айтуарова «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметті алушылармен кездесу өткізді, кездесу барысында мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнама нормалары және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі түсіндірілді. Қызмет алушыларға олардың мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі құқықтары түсіндірілді, сондай-ақ әдеп жөніндегі уәкілдің сыбайлас жемқорлық көріністерін хабарлау және өзге де ақпарат алу үшін телефон нөмірлері бар визиткалары берілді. Қатысушыларға департамент қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша анонимді сауалнамадан өту ұсынылды. Жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың басым бөлігі мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттанады деген қорытынды жасауға болады. Мамандандырылған №5 МӘС бөлімінің қызметкерлері тарапынан ақша қаражатын бопсалау және дөрекі қарым-қатынас фактілері анықталған жоқ. Барлық қызмет алушыларға кездесу барысында туындаған мәселелер бойынша жеке кеңес берілді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағымдану құқықтары түсіндірілді. Кездесу соңында көрсетілетін қызметті алушылар медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері мамандарының қызмет сапасына және кәсіпқойлығына қанағаттанушылығын білдірді.

Мемлекеттік қызметшілердің этикасы мен нормалары

Азаматтармен қарым-қатынас тиімді мемлекеттік аппараттың негізгі өлшемдерінің бірі болып табылады.

Біз әрқашан қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сай болуға, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып кәсіби қызмет көрсетуге ұмтыламыз.

Азаматтармен қарым-қатынас кезінде бізге қажет:

өз ой-пікірлерін дұрыс және сенімді түрде баяндау; азаматтың сұрақтарын мұқият тыңдап, сөйлеушіні айырмастан тыңдау, әңгімелесушіге тілектестік және құрмет көрсету; жан-жақты кеңес беру және ықтимал қауіп-қатерлер туралы азаматтарды хабардар ету; үлкен жастағы адамдарға, ардагерлерге, мүгедектерге құрмет көрсету, оларға қажетті көмек көрсету; Шағым алғанда, біз туындаған мәселелерді тез арада шешу үшін дереу шаралар қолданамыз және болашақта осындай жағдайлардың пайда болуын болдырмаймыз.

Мұндай қарым-қатынас бізге мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық мәдениеті мен кәсібилігі туралы оң пікір қалыптастыруға мүмкіндік береді.

0
0
271

Осы тақырып бойынша

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызмет алушылармен кездесуі - Yvision.kz