Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Әдеп жөніндегі уәкіл Ә. Р. Айтуарова ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы...

Әдеп жөніндегі уәкіл Ә. Р. Айтуарова ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің кеңейтілген кеңесіне қатысты

2020 жылы 27 ақпанда департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызмет және құқық қорғау органдары ардагерлерінің, қоғам қайраткерлерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы Қостанай облысы бойынша филиалының директорының, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы түлектерінің қатысуымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі-МҚІАД) кеңейтілген кеңесіне қатысты.

МҚІАД-нің қызметкерлері 2019 жылы атқарылған жұмыстар мен 2020 жылға арналған жоспарлар туралы есеп берді.

Жақын арада МҚІАД жұмысының жаңа тәсілдері айтылды:

* "көтерме жәрдемақы" төлеуге қаражат бөле отырып, мемлекеттік қызметшілер үшін дипломмен ауылға бағдарлама әзірлеу;

* меритократия қағидатын қамтамасыз ету бойынша бақылауды күшейту (айтпақшы, біздің Департаментте осы қағидат бойынша 11 басшы лауазымның 10-ы тағайындалды), халықаралық тәжірибеде меритократия адамның, мемлекеттік қызметшінің еңбегі абыроймен бағаланып, ол үшін кәсіби, мансаптық және әлеуметтік өсу үшін мүмкіндіктер ашқанда сіңірген еңбегін мойындау ретінде қарастырылатынын атап өткен жөн. Меритократия кезінде мемлекеттік қызметке лайықты, адамгершілік, білікті, талантты және еңбекқор адамдар келеді. Бұл азаматтардың мүмкіндіктерінің теңдігі елдегі әлеуметтік лифтілердің негізі болып табылады;

• мемлекеттік қызметшінің мансаптық картасын енгізу бойынша жұмыстар.

Сондай-ақ, МҚІАД қызметкерлері кандидаттардың болмауына байланысты өткен 2019 жылы мемлекеттік лауазымдарға орналасуға өткізілмеген конкурстар туралы мәселені талқылады, осындай проблема біздің департаментте де бар, өткен жылы бос лауазымдарға (дәрігерлер) орналасуға бірнеше конкурстар өткізілді және кандидаттардың болмауына байланысты конкурстар өткізілген жоқ. Біздің жағдайда негізгі себеп, бұл мемлекеттік қызмет пен денсаулық сақтау секторында еңбекақы төлеу айырмашылығында.

Кездесу нәтижелі өтті, МҚІАД қызметіне қатысты көптеген ұсыныстар айтылды.

Уполномоченный по этике Айтуарова А.Р. приняла участие в расширенном совещании Департамента Агентства РК по делам государственной службы по Костанайской области

27 февраля 2020 года уполномоченный по этике департамента приняла участие в расширенном совещании Департамента Агентства РК по делам государственной службы по Костанайской области (далее-ДАДГС) с участием ветеранов государственной службы и правоохранительных органов, общественных деятелей, директора филиала Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан по Костанайской области, выпускников Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан.

Сотрудники ДАДГС отчитались о проделанной работе за 2019 год и планах на 2020 год. Были озвучены новые подходы в работе ДАДГС в ближайшее время: • разработка программы с дипломом в село для государственных служащих с выделением средств на выплату «подъемного пособия»; • усиление контроля по обеспечению принципа меритократии (кстати в нашем департаменте по данному принципу назначено 10 из 11 руководящих должностей), стоит отметить, что в международной практике меритократия рассматривается как признание заслуг, когда труд человека, государственного служащего оценивается по достоинству и открывает для него возможности для профессионального, карьерного и социального роста. При меритократии на государственную службу приходят наиболее достойные, нравственные, компетентные, талантливые и трудолюбивые люди. Это равенство возможностей для граждан является основой социальных лифтов в стране; • дальнейшая работа по внедрению карьерной карты государственного служащего. Также сотрудниками ДАДГС был заострен вопрос по поводу несостоявшихся конкурсов на занятие государственных должностей за прошлый 2019 год, в связи с отсутствием кандидатов, такая проблема есть и в нашем департаменте, за прошлый год было проведено несколько конкурсов на занятие вакантных должностей (врачей) и в связи с отсутствием кандидатов конкурсы не состоялись. Основная причина в нашем случае, это разница в оплате труда на государственной службе и в секторе здравоохранения, не в нашу пользу! Встреча прошла продуктивно, прозвучало большое количество предложений касательно деятельности ДАДГС.

0
0
415

Осы тақырып бойынша

Әдеп жөніндегі уәкіл Ә. Р. Айтуарова ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы... - Yvision.kz