Әдеп жөніндегі уәкіл дөңгелек үстелге қатысты
26.05.2020 жылы әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Р. Айтуарова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің әдеп жөніндегі уәкілдерінің қатысуымен ұйымдастырған онлайн форматтағы дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар 2020 жылдың 1 тоқсанындағы жұмыс қорытындысын және бүгінгі күннің шындығында әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін жақсартуда жаңа тәсілдерді қолдануды талқылады. Мемлекеттік басшысы «Қазақстан-2050» стратегиясында» жоғарғы этика мен кәсіпқойлық тиімді мемлекеттік аппараты құрудың басты өлшемі болып табылатынын атап өтті. Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілердің этика және мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беріледі. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында "Еститін мемлекет" тұжырымдамасына көшу жөніндегі міндет қойылды. Әлеуметтік процестер мен жаңа экономикалық сын-қатерлердің өсіп келе жатқан күрделілігі жағдайында мемлекеттік басқару жүйесі үшін маңызды міндет азаматтық қоғамның мемлекетті басқаруға белсенді қатысуына, сондай-ақ қоғамдық бақылаудың қазіргі заманғы тетіктерін пайдалануға негізделген шешімдер қабылдау және мемлекеттік функцияларды іске асыру модельдерін қалыптастыру қажеттігі болып табылады. Дамыған елдерде мемлекеттік басқаруды жетілдірудің негізгі бағыты басқару құрылымын құру және ең алдымен азаматтардың қажеттіліктері мен мүдделерін қамтамасыз етуге, шынайы ақпаратты ұдайы таратуға және мемлекеттік билік органдары, сарапшылық қоғамдастық пен азаматтық қоғам институттары арасында белсенді өзара іс-қимыл жасауға бағытталған басқару тәсілдерін пайдалану болып табылады.
-----------------------------------------------------------------
26.05.2020 года уполномоченный по этике Айтуарова А.Р. приняла участие в круглом столе в онлайн формате, организованном Департаментом Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по Костанайской области с участием уполномоченных по этике местных исполнительных органов и территориальных подразделений центральных государственных органов. Участники круглого стола обсудили итоги работы за 1 квартал 2020 года и применение новых подходов в улучшении деятельности уполномоченных по этике в реалиях сегодняшнего дня. Глава Государства в Стратегии «Казахстан – 2050» отметил, что «высочайшая этика и профессионализм являются ключевыми критериями создания эффективного государственного аппарата». Сегодня вопросам этики и поведения государственных служащих уделяется большее значение. Также хотелось бы отметить, что в Стратегическом плане развития Республики Казахстан до 2025 года заложена задача по переходу к концепции «Слышащего государства». В условиях нарастающей сложности социальных процессов и новых экономических вызовов серьезной задачей для системы государственного управления является необходимость формирования моделей принятия решений и реализации государственных функций, основанных на активном участии гражданского общества в управлении государством, а также на использовании современных механизмов общественного контроля. Основным направлением совершенствования государственного управления в развитых странах является построение структуры управления и использование управленческих подходов, нацеленных, прежде всего, на обеспечение потребностей и интересов граждан, регулярное распространение достоверной информации и активное взаимодействие между органами государственной власти, экспертным сообществом и институтами гражданского общества.
