Әдеп жөніндегі уәкіл «Челябі мемлекеттік университеті»
Әдеп жөніндегі уәкіл «Челябі мемлекеттік университеті» жоғары кәсіптік білім беру федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесінің Қостанай филиалы ұйымдастырған бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне барды 2019 жылы 27 ақпанда «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-нің әдеп жөніндегі уәкілі Әлия Рафаэльқызы Айтуарова 4 курс студенттері үшін «Челябі мемлекеттік университеті» жоғары кәсіптік білім беру федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесінің Қостанай филиалы ұйымдастырған бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне барды. Іс-шараға Қостанай қ. мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Әдеп жөніндегі уәкіл қатысушыларға Департамент қызметінің негізгі бағыттары, әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі, жалпы конкурс арқылы Департаментке жұмысқа орналасу мүмкіндігі, сондай-ақ жастар практикасы туралы айтты.
Қатысушыларға әдеп жөніндегі уәкілдің қызығушылық танытқан мәселелер бойынша жүгінуі үшін визиткалары берілді.
