2017 жылдың 13 ақпанында өткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес отырысында, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Теректі аудандық аумақтық инспекциясы басшысы мен Ақжайық ауданы әкімінің орынбасарына қатысты тәртіптік істер қаралды.
Алдымен, Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Бөрлі аудандық аумақтық инспекциясының басшысы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына қабылдау бойынша конкурс өткізу барысында, осы лауазымға белгіленген біліктіліп талаптарына сай келмейтін үміткерді қабылдау арқылы конкурс өткізу қағидалары талаптарын бұзу фактісі бойынша, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Теректі аудандық аумақтық инспекциясы басшысы Тлек Мухатовқа қатысты тәртіптік іс қаралып, нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңесімен ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50 бабының 1 тармағының 3) және 4) тармақшаларымен көзделген мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін аталған тұлғаға «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы облыстық Инспекция басшысына ұсыныс беру жөнінде шешім қабылданды.
Сондай-ақ, Әдеп жөніндегі кеңесімен Ақжайық ауданы прокуратурасының, аудан әкімдігі жаңындағы жер учаскелерін беру жөніндегі комиссия төрағасы - аудан кімінің орынбасары Асқар Абуғалиевтің тарапынан шаруа қожалығына жер телімін беру барысында Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарын сақтамай, ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50 бабының 1 тармағында көзделген мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар жасау мәселесіне қатысты ұсынысын қаралып, нәтижесінде аталған тұлғаның іс-әрекетінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасау белгілерінің анықталмауына байланысты, оған қатысты қозғалған тәртіптік іс тоқтату туралы шешім қабылданды.