Әдеп жөніндегі кеңес
2018 жылы 6 желтоқсанда мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі кеңесі өтті.
Кеңесте «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-нің басшысы - М.Т. Мұратбеков «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі департаменттің іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы» сөз сөйледі.
Департаментте жүйелі және кешенді негізде Департамент қызметкерлерінің іс-әрекеттерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және жол бермеу бойынша барлық мүмкін болатын шаралар қабылдануда. 2012 жылдан бастап Департаменттің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және қылмыс фактілері тіркелген жоқ.
