Әдеп кодексін сақтаудың маңыздылығы талқыланды
2020 жылдың 7 желтоқсаны күні «Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы Арал аудандық филиалы “Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы” бастауыш партия ұйымы санитарлық талаптарды сақтай отырып, бастауыш партия мүшелерімен жиналыс өткізілді.
Күн тәртібіне сәйкес «Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы» бастауыш партия ұйымының төрайымы С.Жанназарова «Nur Otan» партиясы мүшесінің этика кодексімен таныстырды.
Партияның әрбір мүшесі өзінің күн сайынғы адал еңбегімен қоғамды-саяси тұрақтылығын, ұлттық бірлігі мен қоғамдағы келісімін нығайтып экономикалық жағынан мықты, демократиялық мемлекетті құруға ұмтылуы қажет екендігін және Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдары мен нормативтік-құқықтық актілерін құрметтеуге және сақтауға, партияның беделін артыруға, өз елінің патриоты болуға, оның мүдделерін жан-жақты қорғауға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға міндетті екендігі атап айтылды.
