Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Денсаулық сақтау басқармасында электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөнінде жұмыс кеңесі өтті

Ағымдағы жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс әкімінің аппаратымен бірлесіп, аудандық және қалалық емханалармен денсаулық сақтау саласында электронды мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөнінде бейне байланыс арқылы жұмыс кеңесін өткізді.

Департаменттің Мемлекеттік қызметтер басқармасы басшысының м.а. Жақсылықов Е.Е. өз баяндамасында үстіміздегі жылдың 1 жартыжылдығында көрсетілген электронды қызметтер бойынша облыстар арасында жүргізілген талдаудың қорытындысын мәлімдеді.

Сондай-ақ кездесу барысында қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері де талданды. Жұмыс қорытындысы бойынша Департамент басшысының орынбасары Ж.Ж. Жұмабаев және облыс әкімінің аппараты ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы А.С. Байтеміров электронды түрде ұсынылатын рәсімдер және денсаулық сақтаудың мемлекеттік қызметтерін «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алу тәртібі туралы облыс тұрғындарын қажетті дәрежеде ақпараттандыру бойынша тиісті ұсынымдар әзірледі.

 
0
0
363

Осы тақырып бойынша

Денсаулық сақтау басқармасында электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөнінде жұмыс кеңесі өтті - Yvision.kz