Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 Жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы»-да берілген тапсырмалардың бірі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру, яғни азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін, оған деген берік иммунитетін, қалаған нәтижеге қол жеткізу және жемқорлықты қабылдамау рухына тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу айтылған.
Осы бағытта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Батыс Қазақстан облысының «Заман» өндірушілер қауымдастығы мен бірлесіп, «Жемқорлық» видеоролигі түсірілген болатын. Аталған видеоролик Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, облыстағы барлық медицина мекемелері ұжымында семинар-кеңестер өткізілуде. Сонымен қатар, медицина мекемелерінде кезек күтушілерге арналған жарнамалық теледидарларда аталған бейнероликтер тұрақты негізде көрсетілуде.