Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Денсаулық пен білім беру салаларында сапалы қызметтерге қол жеткізіледі

«Nur Otan» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткер Қайнар Аббасов Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті. Канвассинг іс-шарасы аясында әрбір үйді аралап, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.

Қайнар Бегалыұлы Кентау қаласының Құрметті азаматы Қадыр Айтбаевтың шаңырағында болды.

Қария бүгінде қоғамдық жұмыстарға белсене араласып тұрады. Немере-шөбере сүйіп отырған мерейлі отбасы. Қалалық ақсақалдар алқасының мүшесі ретінде игі істерге ұйытқы болып, қаланың дамуына өзіндік үлесін қосып келеді.

Басқосуда Қайнар Бегалыұлы «Nur Otan» партиясы әлеуметтік қолдау аясында көптеген жобаларды қолға алып отырғандығын жеткізді. Атап айтар болсақ, денсаулық сақтау, білім беру салаларында сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, тұрғындардың өмір сүру жағдайын арттыруға күш салады.

Қадыр қарияда «Nur Otan» партиясының бағдарламасын қолдайтындығын айтты. Алдағы сайлауда отбасымен барып, Nur Otan» партиясына дауыс беретіндігін жеткізді.

0
0
147

Осы тақырып бойынша

Денсаулық пен білім беру салаларында сапалы қызметтерге қол жеткізіледі - Yvision.kz