Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Денсаулық" БПҰ есеп беру-сайлау жиналысы

«Денсаулық» бастауыш партия ұйымына жаңадан төраға сайланды

Жаңақала аудандық ауруханасында «Денсаулық» бастауыш партия ұйымының есеп беру сайлау жиналысы өтті. Жиынға «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Саматов, аудандық аурухананың бас дәрігері Сержан Есенгубеков және партия мүшелері қатысты. Күн тәртібінде БПҰ-ның 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстарының есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттері, төрағаны және төрағаның орынбасарын, қажет болған жағдайда БПҰ Бюросын сайлау («Nur Otan» партиясы Жарғысының 8.6.3.-тармағына сәйкес 50-ден астам партия мүшесі болған жағдайда), партияның тиісті аудандық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау мәселелері қаралды. Жиынды «Денсаулық» БПҰ-ның төрайымы Оразгүл Көбесова ашып, жүргізді. Сонымен қатар күн тәртібіндегі бірінші мәселе жөнінде О.Үсіпбекқызының есебі тыңдалды. Одан әрі сөз алған Рухолла Аманғалиұлы екінші мәселе бойынша партия мүшелерінің дауыс беруі арқылы «денсаулық» бастауыш партия ұйымының төрағасын сайлады. Төраға етіп аудандық аурухананың бас дәрігері Сержан Серікұлын сайлап, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Мұнан соң Жаңақала аудандық филиалының конференциясына делегаттар сайланып, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып жүрген бірқатар ақ халатты абзал жандар партия атынан марапатталды.

Ақсәуле СЕКСЕНБАЙҚЫЗЫ

1
0
250

Осы тақырып бойынша

"Денсаулық" БПҰ есеп беру-сайлау жиналысы - Yvision.kz