Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Денисов және Қамысты аудандарының әлеуметтік маңызы бар объектілерін профилактикалық бақылау

Қолжетімді ортаның болмауы-мүгедек адамдардың құқықтарын бұзу болып табылады. Департаментпен тұрақты негізде мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қалпына келтіру және қорғау мақсатында халықтың қауқары аз топтары үшін объектілердің қолжетімділігі мәніне әртүрлі тексерулер жүргізіледі. Осылайша, Департаментпен 2021 жылдың 1 жартыжылдығына арналған профилактикалық бақылау және қадағалау жоспарын іске асыру мақсатында "Денисов ауданы әкімінің аппараты" ММ, "Денисов ауданының полиция бөлімі" ММ, "Денисов аудандық БЖСМ" КММ, "Қарабатыр ауылы әкімінің аппараты" ММ, "Арқа ауылы әкімінің аппараты" ММ, Денисовка ауылы, Ленин көшесі, 11 қ-с мекенжайы бойынша әкімшілік ғимаратында профилактикалық бақылау жүргізілді, Тексеру барысында мүгедек адамдар үшін кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша бұзушылықтар анықталды. Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына арналған ғимараттарды бейімдеу мынадай пункттерден құралады: кіру топтарына, қызмет көрсету аймақтарына, санитариялық-тұрмыстық үй-жайларға, объектідегі ақпарат және телекоммуникация құралдарына, объект аумағына, қозғалыс жолында қолжетімділікті қамтамасыз ету. Алайда, тексеру нәтижелері объектілердің барлық субъектілері осы талаптарды сақтамайтынын көрсетеді. Денисов және Қамысты аудандарының тексерілетін объектілерінде өрескел және елеулі бұзушылықтар анықталды. Сонымен қатар, негізгі бұзушылықтар: қолда бар пандустың бойлық бұрышының сәйкес келмеуі, сыртқы және ішкі сатыларда талап етілетін тұтқалардың болмауы, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың сәйкес келмеуі, ақпараттық белгілер мен көрсеткіштердің болмауы болып табылады. Нәтижесінде, ғимараттардың барлық субъектілеріне анықталған бұзушылықтарды жоюдың белгіленген мерзімдері көрсетілген ұйғарымдар енгізілді. Көрсетілген мерзімде бұрын берілген нұсқамалар бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілетін болады.

*** Отсутствие доступной среды – является нарушением прав лиц с инвалидностью. Департаментом на постоянной основе проводятся различного рода проверки на предмет доступности объектов для маломобильных групп населения, с целью восстановления и защиты прав лиц с ограниченными возможностями. Так, Департаментом в целях реализации плана профилактического контроля и надзора на 1 полугодие 2021 года, проведен профилактический контроль в ГУ «Аппарат акима Денисовского района», ГУ «Отдел полиции Денисовского района», КГУ «Денисовская районная ДЮСШ», ГУ «Аппарат акима села Карабатыр», ГУ «Аппарат акима села Арка», административного здания по адресу:с.Денисовка, ул. Ленина, ст-е 11, В ходе проверки были выявлены нарушения по необеспечению беспрепятственного доступа для лиц с инвалидностью. Адаптация зданий для маломобильных групп населения складывается из следующих пунктов: обеспечение доступа к входным группам, к зонам оказания услуг, к санитарно-бытовым помещениям, к средствам информации и телекоммуникации на объекте, к территории объекта, в пути движения. Однако результаты проверки показывают, что не все субъекты объектов соблюдают данные требования. На проверяемых объектах Денисовского и Камыстинского районов выявлены как грубые, так и значительные нарушения. Вместе с тем, основными нарушения являются: несоответствие продольного угла наклона имеющегося пандуса, отсутствие требуемых поручней на наружных и внутренних лестницах, несоответствие санитарно-бытовых помещений, отсутствие информационных знаков и указателей. В результате, всем субъектам зданий внесены предписания с установленными сроками устранения выявленных нарушений. К указанному сроку будут проведены внеплановые проверки по ранее выданным предписаниям.

0
0
195

Осы тақырып бойынша