Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Дене қызуын түсіретін Парацетамол және Аспириннің жеткізілуі

Құрметті, Балқаш қаласының тұрғындары! Қала әкімшілігінің ұйымдастыруымен дене қызуын түсіретін Парацетамол және Аспирин препараттарының алғашқы легі қала дәріханаларына жеткізілді.

Аталған препараттар жеткізілген дәріханалар тізімі : Амангелді көшесі, 1; Томпиев көшесі, 1; Жидебай батыр ш.а., 14; Сәтпаев ш.а., 7; Сәбитов ш.а., 6; Бөкейханов көшесі, 18; Шашубай ш.а., 3; Мұхамеджанов ш.а., 4; Алимжанов көшесі, 4; Қоңырат ш.а., Русаков көшесі, 7; Балқаш станциясы, 59 үй.

15 шілдеге қарай вирусқа қарсы препараттар, антибиотиктердің қосымша партиясы жеткізіледі деп күтілуде. Дәрілік заттар бағасының негізсіз өсуін және дәрі-дәрмектерді заңсыз сату жағдайларын анықтау мақсатында әкімдіктің арнайы мобильді тобы жұмыс істейді, ол дәріханалық желілер мен дәрі-дәрмектерді сату туралы хабарландыруларға мониторинг жасау арқылы жүргізіледі. Ол үшін тұтынушылар препараттардың шекті бағасын App Store немесе Google Play қосымшалары арқылы Dari kz мобильді қосымшасын жүктеп алуы қажет.

Құрметті, балқаштықтар! Қала тұрғындарын дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үнемі бақылауда болады және күнделікті сіздерге дәріханалардағы қажетті дәрі-дәрмектер туралы ақпаратпен қамтамасыз ететін боламыз. Денсаулығыңызды сақтаңыз!

0
0
387

Осы тақырып бойынша

Дене қызуын түсіретін Парацетамол және Аспириннің жеткізілуі - Yvision.kz