Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Дене тәрбиесі және спорт қызметкерлерімен онлайн кездесу өткіздік.

Бүгін 2020 жылдың 28 желтоқсан күні дене тәрбиесі және спорт қызметкерлерімен онлайн кездесу өткіздік. Кездесуге «Nur Otan» партиясынан Атырау қалалық мәслихаты депутаттығына үміткерлер – мен Мухтаров Мустахим Харенович, Қанатов Ғабиден Шораевич, Сулейменов Еркін Борисович, Шайхиева Бибігүл Какимжановна қатысып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырдық. Қаламыздың дене тәрбиесі және спорт қызметкерлері бағдарламадағы 2025 жылға дейінгі жаппай спортты дамытуға бағытталған іс-шараларға оң бағасын беріп, қолдайтындықтарын білдірді. Дей тұрғанмен, спорт майталмандарының айтуынша Атырау қаласында және аудандарда спортшыларға арналған интернат қажет екендігін және ұлттық спорт өнерін дамыту керектігін тілге тиек етті. Біз спортшылардың айтқан талап-тілектерін қабылдап, партияның алға қарай атқаратын жұмыстарының тізіміне енгізуге ұсыныс жасап және оның орындалуына ықпал ететіндігімізді білдірдік. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, Сіз болып Біз болып қолдайтын болсақ, бітпейтін іс жоқ деп ойлаймын.

Қиындықтарды еңсеріп жеңіске бірге жетейік!

10 қаңтарда сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауыңызды жасаңыз!

Nur Otan-ға дауыс бер!

#jenimpazbol

#bizbirgemiz

#NurOtan

0
0
147

Осы тақырып бойынша