Қымбатты оқырман, Сіздерге бүгін белгілі жазушы Ділдәр Мамырбаеваның «Жетім құлын» атты кітабын ұсынып отырмын. Бұл қаламгердің 5 кітабы. Және осы кітапта хикаяттар мен әңгімелері жиналған. 2017 жылы, Алматы қаласы, Алаш баспасымен басылып шыққан. Таралымы 5000 дана. Ділдәр Мамырбаеваның әңгімелеріндегі кейіпкерлер жақсылық пен жамандық, тазалық пен арамдық туралы ойланатын жандар. Адамгершілікті ұлықтайтын, жан дүниелері ізгілікті, шуақты.