Дауыс беруге шақырды
«Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына түсіп жатқан үміткерлер Р.Уразалиев, Ж.Батырова және сенімді тұлғалар "Пятимар" БПҰ мүшелерімен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. Үміткерлер «Nur Otan» партиясының әрбір бағыты әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. -Сіздің таңдауыңыз - бүкіл елдің болашағын таңдау. Сізді 10 қаңтарда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырамын. Қиындықты еңсере отырып, жеңіске бірге жетейік!,–деген ниеттерін білдірді.
