Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Дата журналист болу үшін...

Дата журналистика немесе деректер журналистикасы- сандық деректерге негізделген журналистика саласының маңызды да, өзекті саласының бірі. Ақпаратты саралай отырып, сұрақты деректер негізделген сандарға қою арқылы сандарды сөйлету деректер журналистикасының басты мақсаты. Ақпарат дәуірінде интернет пайдаланушылары деректерге, үлкен көлемдегі ақпаратты іздеу, жинау және өңдеу мүмкіндіктеріне көбірек қол жеткізе бастағанда, деректермен жұмыс істеу мәселелері бұрынғыдан да өзекті бола түскені рас. Бұл ретте, қажетті мәліметті ашық көздерден де, журналистік материал негізінен немесе түрлі ақпарат көздері арқылы деректерді алуға мүмкіндік туды.

Тақырып аясында «Тұран» университеті, «Журналистика» мамандығының 3 курс студенттерімен өткізілген онлайн кездесуіміздің қонағы болған білікті дата журналист Зульфия Раисова өз тәжірибесімен бөлісе отырып, болашақ медиа мамандарына қажет болатын дереккөздермен жұмыс жасау ережелерін атап көрсетті. Бірінші кезекте, дайындаған материалыңның түпнұсқасын сақтай отырып, артық ақпараттан аулақ болу қажет. Әсіресе, жұмысыңның басым бөлігін Excel- де іске асырғаннан кейін, бұл бағдарлама түрімен қолда бар материалыңнан айырылып қалмас үшін толықтай таныс болу қажет. Материал көшірмесін сақтап алуда өте маңызды. Сонымен қатар, сараптама, талдауды барынша ұқыптылықпен жүргізген жөн. Ойыңдағы дүниені шындыққа айналдырар кезде, сапалы жоба бағдарламасын дайындап, тәжірибелі сарапшылардан жауап алу өте маңызды.

Осы орайда дата журналист болу оңай іс емес екенін білеміз. Алайда, бұл саланың майталманы болу үшін ең алдымен сабырлы болу керектігін журналист З. Раисова атап өтті. Маман сөзінше, деректермен жұмыс бар төзімділікті талап ететін, тереңіне үңіліп, саралап, талдауды қажет ететін журналистиканың маңызды саласының бірі. Ашық дереккөздерімен танысып, технологияны меңгеру, сандық негіздегі бағдарламаларда жұмыс жасау қабілеттілігін арттыру бұл саланың басты міндеті екендігін атап көрсетті.

Қорыта айтқанда, деректер журналистикасындағы сандық мәліметтердің көбеюі журналистика саласының технология, сандық дәуірде алға басып, дамуына себеп болар жағдайдың бірі.

0
0
266

Осы тақырып бойынша

Дата журналист болу үшін... - Yvision.kz