Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Дамудың жеті басымдығын түсіндірді

"Nur Otan" партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған үміткерлер Арман Шалданбаев, Сержан Байсбаев, Гүлжан Қадырова Бабайқорған ауылының тұрғындарымен кездесті. Әрбір үйді аралап, сайлауалды бағдарламаны насихаттады. Дүкендер мен сауда қатарларына келушілермен кездесті.

Дамудың жеті басымдықтарына жеке-жеке тоқталған үміткерлер білім, әлеуметтік, кәсіпкерлік бағыттары бойынша партияның сайлауалды бағдарламаларын толығымен түсіндірді.

«Nur Otan» партиясы жыл сайын «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен 9 кәсіпкерге пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға және бизнесін жаңадан бастаушы 160 азаматқа грант ұсынуға, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен жыл сайын жұмыссыз және өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған 210-ге жуық азаматтарға 160 стартап грант пен 50 жоба бойынша несие алуына жағдай жасауға ықпал етеді.

Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Еңбек», «Бизнес Кеңесші» курсымен жыл сайын 30-дан аса азаматты өз кәсібін ашу үшін оқытуға, жыл сайын «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен бизнесін жаңадан бастаушы 10 азаматқа грант ұсынуға, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен жұмыссыз және өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған 20-ға жуық азаматтарға стартап гранттар мен несие алуына жағдай жасауға жұмыс істейді.

Құрметті сайлаушылар!

Алдағы сайлауға белсенділікпен қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіз.

0
0
253

Осы тақырып бойынша

Дамудың жеті басымдығын түсіндірді - Yvision.kz