Дамба ауылының тұрғындарымен кездеcу.
Бүгін "Nur Otan" партиясы Атырау қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихаты депутаттығына үміткер Бейбіт Мырзағалиев бастаған, "Nur Otan" партиясынан Атырау облыстық маслихаты депутаттығына үміткер Айгул Әмірғалиева және "Nur Otan" партиясы Атырау қалалық сайлауалды штабының өкілі Жанылсын Кенжегалиева Дамба ауылының тұрғындарымен кездескенбіз. Зейнеткер Хитуов Ғарифолла ағамыздың шаңырағында болып, "Nur Otan" партиясының бағдарламасы аясында үгіт - насихат жұмыстарын жүргіздік. Осы ауыл әкімі қызметінде көп жылдары еңбек еткен ардагер ағамыз Дамба ауылының көркейуіне соның ішінде балық шаруашылығының дамуына еңбегі сіңгені туралы айтып тоқталды. Бүгінгі таңда зейнеткерлікке шығып ұл қыздарының, немерелерінің ортасында бақытты ата -ана. Еліміздің болашағы мен тұрақтылығы үшін Ғарифолла ағамыз қаңтар айының 10 жұлдызында "Nur Otan" партиясын отбасымен қолдап,бір ауыздан дауыс беретін айтты. Ғарифолла ағамыз Кандидаттарға сәт сапар тілеп,ақ батасын беріп ризашылығын білдірді.
