Құда түсу
Құда түсу қазақтың мәртебелі дәстүрінің бірі. Себебі бұл жаңа шаңырақтың көтеріліп, өмірдің үлкен белесінің басталуы. Құда түсумен екі жұрт жек жат болып, жүз жылдық құда болған. Сондықтан қазақ кұдасын құдайындай сыйлаған. Тарихтан белгілі қазақ балаларын бесікте жатқан уақыттан атастырып қойған. Бұл құда түсудің түрі «бесік құда» деп аталған. Сондай ақ кейде қыз алған құда, егерде сол үйге қызын берсе,бұны «қарзы құда» дейді. Ал егер бұрын құда болған кісілер, құдалықты әрі қарай жалғастырып, қыз берісетін болса бұны «сүйек жаңғырту» деп атайды.
Жалғасы: https://toibiznes.kz/kk/articles/tradition/kuda-tusu
