Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Дәуіт Маратбек

Кеш жарық баршаңызға. Сайлауға 14күн қалды.Менің бұл сайлауға қатысуыма Праймериз арқылы өз-өзімді ұсынып, еліме жаңадан өзгерген, жаңаша халық өз таңдауын жасайтын Nur Otan партиясына өз үлесімді қосып, халықпен жақын етене танысу еді. Әрине әр адам алдына қойған мақсаттармен, өзіне деген сеніммен, қолдайтын жанашырларым мен достарым, ағайын-туысқандарым, әке-шешем тұрғанда мен де, атымды бәйгеге қосып бағымды сынап көрейін дедім. Менің ең басты арманым, ат төбеліндей қазағыма, теңіздің тамшысындай үлес қосып, солардың шешілмеген мәселелерін тиісті жерлеріне жеткізіп көмектесу. Әр қазағым жалғызым менің деп жұмыла көтерген жүк жеңіл болмайма. Береке бірлік танытып елімнің гүлденуіне ат салысу, азаматтық борышым.Nur Otan партиясының сайлау алды бағдарламаларын үгіттей отырып, болашаққа нық сеніммен аттану. Сіздердің қолдауларыңыз бен лайк басып, коментарий қалдыру арқылы көмек қолдарыңызды созу, маған өте маңызды. Шахтиск қаласының мәслихатына кандидат депутат ретінде баршаңыз мені қолдайды деп сенемін. Мен де сіздердің үміттеріңізді ақтауға тырысып, уәде етемін. Баршаңызды 10 қаңтар 2021жылы сайлауға келіп, Nur Otan партиясына дауыс береді деп сенемін.

0
0
143

Осы тақырып бойынша

Дәуіт Маратбек - Yvision.kz