Дәуірдің Сағаты бола білді.
"Үнемі бір жаққа асығыс аттанып бара жатқандай жүретін. Лапылдап атып, лапылдап батқан күн сияқтыаса бір шуақты адам еді " деп еске алады Әбіш Кекілбаев. Оралхан Бөкейдің " Сағат оқыса жетеді. Содан сұрап алармын", деген әзіл шыны аралас атақты сөзін естідік. Сағат Әшімбаев туралы естеліктердің қай-қайсысы да, ауызекі сөздің бәрі де ылғи жақсы сөз, риза лебіз.

Соған лайық адам сыншы, азамат бола білген қысқа ғана ғұмырында " көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра" дейтін аталы сөз пайымдық тұтастығымен жетіпті. Өзін жағалаған, ағалаған жастардың біреуінен көмегін аямай кол ұшын созған жан . Ұлт басындағы кез келген мәселені шешіп, жан беріп кірісті. Сағат Әшімбаевтің шыншыл болмысына , әділ сөзіне, ғибратты ғұмырына көз сатып қарап, қызығуға тұрарлық .
Ұлттың рухани қазынасы үшін талмай қызмет қылған тұлғаның дидары жарық. Өзі ғана, осының бәрін мен істесем деген өзімшілдікке салған жоқ. Халықтың керегіне жарайды ау деген жандардың бәріне қол ұшын созды. Бұл, ең алдымен ұлтқа жасалған жақсылық деп есептесек болады. Халықтың алдындағы азаматтық ерлігі үшін билікке жақпай, таяқ жегенде қорғап қалғандарға қаратып: "ұжымға ризамын" деген сөзі енді уақытпен жаңғырып:" Ұлтыма ризамын" деп естілетіндей. Ұлтың да саған риза,Дәуірдің Сағаты.

