Дәріханалардың жұмыстарымен танысып бағалардың тұрақты ұстауын тапсырды.
"Nur Otan" партиясы Қорғалжын аудандық филиалының партиялық бақылау коммисиясы және аудандық "кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесе отырып Қорғалжын ауданы орталығында орналасқан екі дәріхананың жұмысымен танысты. Дәріханаларда антисептикалық ережелердің сақталғанын қарады. Дәріханалардағы маска бағасы 60 теңге, антисептикалық заттар және де қызу түсіретін дәрілер барлығы толықтай жеткілікті екенін қарады. Партиялық бақылау коммиссия төрағасы Балғабаев Ө. К., "Nur Otan" партиясы Қорғалжын аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Амангельдинов М. С., кәсіпкерлік бөлімінің маманы Баешева Ш. дәріханалардың жұмыстарымен танысып бағалардың тұрақты ұстауын тапсырды.
