Дәріханалар жұмысы Партия бақылауында
«Nur Otan» партиясы Зеренді аудандық филиалы, Зеренді ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен және де «Кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірлесе отырып Зеренді селосында орналасқан дәріханаларының жұмысымен танысты. Зеренді селосында жалпы саны 7 дәріхана бар. Дәріханаларда антисанитарлық ережерлердің сақталған, яғни күніне екі рет кварц және 2 рет тазалық жұмыстары жүргізіледі. Арнайы тазалық жұмысы, жұмыс уақытын тіркейтін журналдары да бар. «Сердечная» дәріханасында бетперде 26 тенге болса, «36,6» мен «Левзея» дәріханаларында 40 тенгеден сатылуда. Антисептикалық құралдар, бетперде, резеңке қолғаптар жеткілікті. Фармацевт термометрдің (медициналық ыстық өлшеуіш құралдың) тапшылығы. Себебі, термометрдің бағасы жеке дәріханалар үшін тиімсіз болып тұр. Қарапайым термометрдің сатып алу құны 830-960 теңгеге дейін жетеді, ал электрондық термометрдің құны 1360 теңге. Жалпы дәріханаларда вирусқа қарсы – Анаферон, Ремантадин, Циклоферон; ыстық түсіретін – Ибуфен, Панадол, Тайлол, т.б.; антибиотиктер – Ампициллин, Гентамицин, Азитромин сынды дәрілер баршылық. Дәрі-дәрмектер әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндерінде жеткізіледі.
