«Дәрігерлерге мың алғыс»
21 сәуір күні «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы аясында КВИ-сын емдеуге арналған инфекция бөліміндегі қызметкерлерімізге азық-түлік себетін әкеліп берді. Сонымен қатар партияның белсенділері «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдиннің ақ халатты абзал жандарға деген ақ тілегін жеткізді.

