Дәрігерлерге мың алғыс!
Елдегі карантинге байланысты, медицина қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Олар ауысымнан-ауысымға жанталасып, отбасына, туған-туыстарына уақыт бөле алмай, талай жанның өміріне араша түсіп, ерлікке пара-пар қызмет атқарып жүр.

Осындай қиын қыстау кезеңде барынша қолдау көрсету мақсатында Жаңаөзен жастар ресурстық орталығы жас кәсіпкердің демеушілігімен дәрігерлерге арнайы тәттілер жеткізді.
