Дәрігерлердің жалақысы аймақтағы орташа жалақыдан екі есе көп болуы керек
Дәрігерлердің жалақысы аймақтағы орташа жалақыдан екі есе көп болуы керек. Бұл туралы №2 емхана ұжымына қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Ардақ Күзеков мәлімдеді.
Ардақ Мүбаракұлы 30 жылдан астам уақытын Павлодар облысының денсаулық сақтау жүйесіне арнады. 2020 жылдан бастап облыстық балалар ауруханасын басқарады.
-Бүгінде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жаңарту мәселесі тұр, - деп атап өтті қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Ардақ Күзеков. - Қазіргі уақытта Павлодарда екі денсаулық сақтау нысанының құрылысы және қолданыстағы алтауын күрделі жөндеу жоспарланған. Келесі 5 жыл ішінде, партиямыздың бағдарламасына сәйкес, медицина қызметкерлерінің жалақысы көтерілуі керек. Нәтижесінде дәрігерлердің жалақысы аймақтағы орташа жалақыдан екі есе көп болады.
Онлайн-кездесу барысында екінші емхана қызметкерлерінің бірі кадр жетіспеушілігі мәселесінің қалай шешілетінін сұрады.
- Денсаулық сақтау жүйесінің басты ресурсы – біздің кадрлар, дәрігерлер мен медбикелер. Пандемия барлығына бірінші кезекте кадр мәселесін шешудің қаншалықты маңызды екенін көрсетті, - деді Ардақ Күзеков. - Дәрігерлер мен медициналық қызметкерлер жетіспеген кезде еріктілердің көмегіне жүгінуге тура келді. Оларға үлкен рахмет. Кездесуге қазір менің әріптесім - Гүлзира да ерікті болды, қызыл аймақтағы дәрігерлерімізге көмектесті.
Ардақ Күзековтың айтуынша, кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін облыстық бюджетке қаражат бөлінген.
- 318 медициналық студент әкім гранты есебінен оқитын болады, әкімдіктің есебінен 28 әріптесіміз шетелде оқиды. Тек біздің облыстық балалар ауруханасында ғана штатқа 14 жас маманды қабылдадық. Олардың көпшілігі аурухана есебінен және бюджет есебінен оқытылды. Қазір 11 дәрігер резидентурада оқиды. Алдағы екі жыл ішінде штатқа тағы 25 жас маманды қабылдаймыз. Қазір бізде 86 дәрігер жұмыс істейді, демек, біздің ұжым үштен бір бөлігіне өседі, - деп атап өтті Ардақ Күзеков.
Сонымен қатар, «NUR OTAN» партиясынан кандидат медбикелердің жоғары білім алуы тақырыбын қозғады. Ардақ Күзековтың айтуынша, бірнеше жылдан кейін бұл шындыққа айналады. Жоғары білімді медбикелер өз міндеттерін жоғары деңгейде орындай алады және осылайша дәрігерлердің жүктемесін азайтады.
- Сіздердің көпшілігіңізбен жеке таныспын, - деп қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Гүлзира Атабаева екінші емхана қызметкерлеріне жүгінді. – Мен «Баянтауда» ерікті болып жұмыс істеген кезде сіздермен таныстық. Қызыл аймақта 196 сағат өткіздім. Содан кейін блок-бекеттерде дәрігерлерге көмектестім. Сондықтан мен сіздер көтерген мәселелерді жақсы білемін, олардың маңыздылығын түсінемін.
Келесі сөз кезегін Елена Яровенко алды. Өз сөзінде ол жұмыс істейтін ата-аналарға көмек көрсетуге және жастардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасауға ерекше назар аударды.
Қалалық мәслихаттың кандидаттығына кандидат Айгүл Маликова карантин кезеңінде партияның халықтың әлеуметтік осал топтарына көрсеткен қызметі туралы айтып берді.
Зарплата медиков должна вдвое превысить среднюю заработную плату по региону. Об этом коллективу поликлиники №2 сообщил кандидат в депутаты городского маслихата Ардак Кузеков.
Более 30 лет Ардак Мубаракович посвятил системе здравоохранения Павлодарской области. С 2020 года возглавляет областную детскую больницу.
- Сегодня остро стоит вопрос обновления материально-технической базы медицинских организаций, - подчеркнул кандидат в депутаты городского маслихата Ардак Кузеков. - На данный момент запланировано строительство в Павлодаре двух объектов здравоохранения и капремонт шести уже существующих. В течение следующих 5 лет, согласно программе нашей партии, медработникам должны повысить зарплаты. В результате зарплаты медиков в два раза превысят среднюю заработную плату по региону.
Во время онлайн-встречи одна из сотрудниц второй поликлиники поинтересовалась, как будет решаться проблема с нехваткой кадров.
- Главный ресурс системы здравоохранения - наши кадры, врачи и медсестры. Пандемия показала всем, насколько важно в первую очередь решать кадровый вопрос, - сообщил Ардак Кузеков. - Когда не хватает врачей и медперсонала, приходится прибегать к помощи волонтеров. Спасибо им огромное. На встрече сейчас присутствует моя коллега - Гульзира тоже была волонтером, помогала нашим медикам в красной зоне.
По словам Ардака Кузекова, чтобы решить вопрос с нехваткой кадров, в областном бюджете уже заложены средства.
- 318 студентов-медиков будут обучаться за счет гранта акима, за счет акимата 28 наших коллег-врачей будут учиться за границей. Только в нашей областной детской больнице мы приняли в штат 14 молодых специалистов. Многие из них обучались за счет больницы и за счет бюджета. 11 врачей сейчас обучаются в резидентуре. В течение двух следующих лет примем в штат еще 25 молодых специалистов. Сейчас у нас работают 86 врачей, и, значит, наш коллектив вырастет на треть, - перечислил Ардак Кузеков.
Более того, кандидат от партии «NUR OTAN» затронул тему получения медсестрами высшего образования. По словам Ардака Кузекова, через несколько лет это станет реальностью. Медсестры с высшим образованием смогут выполнять свои обязанности на более высоком уровне, и тем самым снизят нагрузку на врачей.
- Со многими из вас я знакома лично, - обратилась к сотрудникам второй поликлиники кандидат в депутаты городского маслихата Гульзира Атабаева. – Мы с вами познакомились, когда я работала волонтером в «Баянтау». Провела там, в красной зоне, 196 часов. Затем помогала медикам на блок-постах. Поэтому я не понаслышке знаю проблемы, которые вы поднимаете, понимаю их важность.
Следующей слово взяла Елена Яровенко. В своем выступлении особое внимание она уделила помощи работающим родителям и созданию условий для самореализации молодежи.
Кандидат в кандидаты городского маслихата Айгуль Маликова рассказала о той, которую партия в непростой карантинный период оказала социально-уязвимым категориям населения.
