Дәрігерлерді ардақтайық
"Дәрігерлерді ардақтайық" акциясы Теректі ауданында жалғасын тапты.
Бұл акцияны нұротандықтар коронавирусқа қарсы күрес кезінде отандық дәрігерлерді қолдау аясында Батыс Қазақстан облысының барлық аудандары мен Орал қаласында өткізуде.
Қазір елімізде көрінбейтін жаумен күрес жүріп жатыр. Осы күресте халқымыздың денсаулығы үшін аямай еңбек етіп жатқан сіздерге халқымыз, аудан тұрғындары атынан алғыс айтамыз!
